Жаңалықтар

Елизавета патшайымның жаназасына үкімет 200 млн доллар жұмсаған

Елизавета патшайымның жаназасына үкімет 200 млн доллар жұмсаған
Фото: BBC.com 21.05.2023 01:38 1019

Британия билігі Елизавета ІІ патшайымның мемлекеттік жаназасына 200 млн доллардан артық қаржы жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елизавета II былтыр қыркүйекте 96 жасында Шотландиядағы Балморал сарайында дүниеден өткен болатын. Оның қазасынан кейін елде жаназасының алдында 10 күндік аза тұту күні жарияланды.

Патшайым Виндзор сарайындағы Әулие Георгий шіркеуіндегі қабірге жерленді. Төрттен бір миллион адам Лондонда аза тұту кезінде қайтыс болған патшайымның денесін көрді.

Ең көп шығын Ұлыбританияның ішкі істер министрлігіне тиесілі – олар 91 млн доллар қаржы жұмсаған. Одан соң мәдениет, БАҚ және спорт министрлігі 71 млн доллар шығынға батқан.

Ал жаназаға Шотландия билігі 23,3 млн доллар қаржы кетірген.

Үкімет патшайымды ақтық сапарға шығарып салу рәсімдерінің барлығы тыныш әрі лайықты деңгейде өтуіне басымдық берді. Сонымен қатар халықтың қауіпсіздігі де қамтамасыз етілді, - деді Қазынашылық бас хатшысы Джон Глен.

Ал патшайымның ұлы ханзада Чарльзді ұлықтауға 124 млн доллар жұмсалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға