Жаңалықтар

Елімізге суару маусымында Қырғызстаннан 560 млн текше метрден астам су келеді

Елімізге суару маусымында Қырғызстаннан 560 млн текше метрден астам су келеді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі 18.06.2024 21:14 549

Биыл суару маусымында елімізге Қырғызстаннан Шу өзені арқылы 180 млн текше метр және Талас өзенімен 380 млн текше метр су келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов құрамына қос мемлекеттің өкілдері кіретін Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-ші отырысында тиісті келісімге қол жеткізді.

Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар Шу және Талас өзендеріндегі су шаруашылығы нысандарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен көлемі туралы да келісімге келді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның су ведомстволары елімізге «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 922 млн текше метр су беру жөнінде мәміле жасаған болатын.

Халықаралық ынтымақтастық – біздің министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Суару маусымына дайындық барысында еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды судың қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылды, көрші мемлекеттермен маңызды келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі таңда Қырғызстанның су ресурстары министрлігінің басшылығымен маусымның үшінші онкүндігінен бастап Шу және Талас өзендері арқылы су беруді ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазіргі уақытта қырғыз әріптестерімізбен бірлесіп су беру кестесін ұлғайту бағытында түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға