Жаңалықтар

Елімізге активтерді ерікті немесе мәжбүрлі қайтару тәртібі көзделеді – Андрей Лукин

Елімізге активтерді ерікті немесе мәжбүрлі қайтару тәртібі көзделеді – Андрей Лукин
Фото: senate.parlam.kz 29.06.2023 10:50 995

Сенат отырысында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.

Заң мынадай негізгі ережелерді қарастырады:

- Заңмен реттелетін құқықтық қатынастар субъектілерін анықтау;

- заңсыз иемденілген активтерді ашу, пайда болуын растау және қайтару тетіктерін регламенттеу;

- заңсыз иемденілген активтерді қайтару рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

- оның өкілеттіктерін айқындай отырып, заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері бойынша комиссия құру;

- заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде беруді ынталандыру;

- активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған жүйелі шаралар қабылдау;

- өз өкілеттіктерін айқындай отырып, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі уәкілетті органды құру;

- өкілеттіктерін айқындай отырып активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды құру;

- қайтарылған активтерді шоғырландыру және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін арнаулы мемлекеттік қор мен басқарушы компанияны құру.

Заңда активтерді қайтарудың ерікті немесе мәжбүрлі тәртібі көзделген. Ерікті қайтару адамдардың өздеріне тиесілі мүлікті мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы келісімдер жасасу арқылы (яғни арнаулы мемлекеттік қорға) өтеусіз беруі жолымен жүзеге асырылады. Соттардың шешімдері негізінде активтер пайда болуы түсініксіз шыққан активтер ретінде танылған жағдайда (жиынтық мөлшері айлық есептік көрсеткіштің он үш миллион еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын), азаматтық процесс шеңберінде заңсыз иемденілген активтерді мәжбүрлі түрде қайтару, - деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Андрей Лукин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға