Жаңалықтар

Елімізге 857 млрд теңге сомасына мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды

Елімізге 857 млрд теңге сомасына мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды
Фото: t.me/antikornews 21.10.2023 01:26 771

Қытайда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және активтерді қайтару мәселелері талқыланды. Онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы хабардар етті, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша халықаралық стандарттарды ескере отырып, заңнамалық деңгейде бағыныстылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың дербес жауапкершілігі көзделген; сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босату алынып тасталды; құқық қорғау органдарының қызметкерлері, судьялар, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдар үшін санкциялар қатаңдатылды, - деді төраға.

Бұдан басқа негізсіз байыту үшін шенеуніктердің жауапкершілігін көздейтін тетік енгізілді және жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды қорғау жөніндегі шаралар күшейтілді.

Антикор мәліметінше, кездесуге қатысушылар активтерді қайтару мәселелерін қарастырды. Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен соңғы бір жарым жылда 857 млрд теңге сомасына мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды.

Заңсыз активтерді қайтару жұмыстары жалғасуда. Тиімділікті арттыру мақсатында шетелдік әріптестердің озық тәжірибесі зерттелуде.

Осыған байланысты форум барысында Сауд Арабиясы, Гонконг, Сингапур, Египет сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшыларымен, сондай-ақ БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Гада Валимен бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ Қазақстанның Антикоры жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және активтерді қайтару мәселелерін Қытайдың жемқорлыққа қарсы функциялары шоғырланған Мемлекеттік қадағалау комиссиясымен талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға