Жаңалықтар

Еліміздің жолдарында «Сергектің» саны көбейеді

Еліміздің жолдарында «Сергектің» саны көбейеді
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев 30.07.2024 11:11 479

Үкімет елді мекендерде және республикалық маңызы бар автожолдарда тәртіп бұзушылықты тіркеу камераларының санын көбейтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы отырыс барысында қала сыртындағы жолдардағы мобильді байланыстың нашарлығы мәселесін көтерді. Атап айтқанда, «Қарағанды – Алматы» автожолында үш облыстың аумағы бойынша жалпы 500 км учаскеде мобильді байланыс жоқ. ЖКО кезінде зардап шеккендердің шұғыл көмек қызметтерін шақырта алмайды. Осыған байланысты ЦДИАӨМ қала сыртындағы автожолдарды мобильді байланыспен қамту қарқынын жеделдету қажет.

Жолдарда қауіпсіздікті бақылау үшін бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдар жетіспейді. Кей жерлерде олар мүлдем жұмыс істемейді. Жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырады. Тек биылғы жылдың басынан бері азаматтарымыздан жол қозғалысына қатысты 50 мыңнан астам шағым келіп түсті. Өңір әкімдіктері елді мекендердегі құқық бұзушылықты тіркейтін камералар санын көбейтуі қажет. Республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді түрде пайдалану керек, – деп тапсырды премьер-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға