Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш облысындағы республикалық маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 160 км құрайтын 1 автожол (қар көшкіні қаупіне байланысты):
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары» Ушановское а.-Алтай қ. автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.
Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):
- «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қ.-Ұлытау обл. шекарасына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол жабық.
- «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда обл. шекарасы-Талап а. автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 213 бірлік техника және 272 жолшы жұмылдырылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

