baribar.kz

Еліміздің үш облысында көлік қозғалысы шектелді

10.02.2023 11:33

Еліміздің бірнеше облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы облысы бойынша тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қонаев-Шеңгелді арасы;

Автокөліктің барлық түрі үшін «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолы, Байсейіт-Қорғас арасы;

Жамбыл облысында көліктің барлық түрі үшін «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады);

Жетісу облысы бойынша тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы, «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы жабылды.