Бүгін еліміздің бірнеше аумағында қолайсыз ауа райы сақталып, ауа сапасы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мамандардың мәліметінше, 10 қараша күні Атырау, Алматы және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде.
Мұндай құбылыстар көбіне желдің бәсеңдеуі, тымық ауа райы, тұман немесе инверсия кезінде байқалады. Соның салдарынан ауада зиянды қоспалардың мөлшері артып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар синоптиктер осы күні елдің көптеген өңірінде боран мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жарияланғанын еске салды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

