Жаңалықтар

Еліміздің туристік әлеуетін пайдалану керек - президент

Еліміздің туристік әлеуетін пайдалану керек - президент
Фото: © Pixabay.com 01.09.2023 11:24 1360

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталды.

Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда. Бұл ретте металды терең өңдеу мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек, - президент.

Мемлекет басшысы сонымен қатар туризм саласы туралы айтты.

Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді. Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн, - деді Тоқаев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға