Жаңалықтар

Еліміздің тарихы үшін маңызды сәтте барып дауыс беру маңызды – Мәжіліс депутаты

Еліміздің тарихы үшін маңызды сәтте барып дауыс беру маңызды – Мәжіліс депутаты
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 06.10.2024 10:24 291

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы АЭС құрылысына байланысты референдумда өз дауысын беріп, пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісмен Астана қаласындағы №66 мектеп-лицей учаскесінде дауыс бергенін айтты.

Бүгін еліміз үшін және болашағы үшін маңызды таңдау жасалатын күн. Халық қандай таңдау жасаса да, бұл біздің еліміздің тарихы үшін маңызды сәт. Бүгін ешкімге үгіт-насихат, шақыру ештеңе айта алмаймыз. Айтатын бір дүние, барып дауыс беру маңызды. Сіз қалай бересіз, қолдайсыз ба, АЭС салуды қолдамайсыз ба, бүгін ол туралы айтылмайды. Ең бастысы, дауыс беру – бұл азаматтық, конституциялық тұрғыда міндет-борышымыз, – деді депутат.

Депутат таңнан бастап дауыс берушілердің қарасы көп екенін байқағанын айтты.

Дауыс беру жәшігінде де маған дейін де бірқатар азаматтың дауыс беріп тастағанына куә болдым. Біздің бірқатар депутат әріптестеріміз де келіп өз таңдауын жасады. Сондықтан халықтың қатысу белсенділігі бар деп айтқым келеді. Әрине, енді белгілі бір себеппен барлығы таңғы уақытта келіп дауыс бере алмауы мүмкін. Десе де кешке дейін әлі жұртшылықтың қатары көбейеді деп ойлаймын, – деді Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға