Жаңалықтар

Еліміздің Ресейдегі елшісі төтенше жағдайға қатысты үндеу жариялады

Еліміздің Ресейдегі елшісі төтенше жағдайға қатысты үндеу жариялады
Фото: Ашық дереккөзден 24.06.2023 11:16 1932

Еліміздің Ресей Федерациясындағы елшілігі Қазақстан азаматтарын Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына барудан бас тартуын ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз. Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады). Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады. ҚР РФ Елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14, - деп жазылған Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігі жолдаған ресми хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға