Жаңалықтар

Еліміздің қонақ үйлері туристерге 175,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті

Еліміздің қонақ үйлері туристерге 175,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 30.12.2023 07:41 1762

Жыл басынан 9 айында еліміздегі қонақ үйлер туристерге 175,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 129,2 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.  Ал пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда аталған көрсеткіш шамамен 2 есе өсті.
 
Қазіргі таңда еліміз бойынша барлығы 4 мыңнан аса туристік орналастыру орны бар. Олардың қатарына қонақ үйлер, мотельдер, пансионаттар, балалар лагерлері, кемпингтер, жатақханалар, демалыс үйлері және басқа да орындар кіреді.

Комитет елімізге келетін қонақтарға қолайлы жағдай жасау, орналастыру орындарының ассортиментін кеңейту және туристік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырады. Қолға алынып жатқан нақты істер келушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, туризм саласындағы экономикалық өсуді қолдауға да бағытталған. Сонымен қатар олар Қазақстан беделін түрлі және сапалы орналасу нұсқалары бар туристік бағыт ретінде нығайтуға септігін тигізеді, - деп атап өтті ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға