ҰОК баспасөз қызметі

Еліміздің қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Астанада Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жиыны өткен болатын. Іс-шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҚҚБФ вице-президенті Юрий Соловьёв, атқарушы директор Замир Ихсанғалиев, бас хатшы Леонид Зимарев, сондай-ақ өңірлік филиалдардың басшылары қатысты.

Жиынның күн тәртібінде өзекті мәселелер қаралды, олардың ішінде маңыздысы - федерация президентін сайлау. Облыстық федерациялардың басшылары мен спорт қауымдастығының өкілдері Арман Жаркеевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Жыл басында Ербол Мырзабосынов халықаралық су спорты түрлері федерациясының президентімен кездескені айтылған еді. Сондай-ақ, былтыр жыл соңында Қазақстан футбол федерациясының президенті сайланған