Жаңалықтар

Еліміздің Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды шаралары жалғасуда

Бұл туралы штабтың баспасөз қызметі мәлім етті
Еліміздің  Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды шаралары жалғасуда
Фото: gov.kz 13.11.2022 17:55 1103

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлер сайлауалды бағдарламасын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі сайлауалды сапарлары жалғасуда. Бүгін ол Шымкент қаласының сайлаушыларымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. 

Қала тұрғындары, туристік сала мамандары, қазақ ұлттық тағамдарына негізделген мейрамханалардың өкілдері мен кәсіпкер әйелдер қатысқан кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер мен туризмді дамыту сұрақтары талқыланды.  

«Шымкент қаласының ішкі және сыртқы туризмді дамытуда әлеуеті өте зор. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен инфрақұрылымның жақсаруы – бұл туризмді дамытудың бір ғана қыры. Осы саланы жетілдіру арқылы біз еліміздің ұлттық және тарихи-мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттай аламыз. Қазақ ұлттық тағамдарын жаңғыртып, туристерді қызықтырудың ең ұтымды бағытын дамытып жүрген кәсіпкерлердің де бастамаларына қолдау көрсету керек»,- деді Қ.Әбден. 

Сайлаушылармен кездесуден кейін кандидат өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, қалада өтіп жатқан «Көксарай» футбол турнирінің жеңімпаздарымен кездесті. Өзінің құттықтау сөзінде Қарақат Әбден бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызын ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесу өткізді.  Олардың қиын жағдайынан бүкіл еліміз хабардар.

 «Бұл - ауқымды және өте өзекті проблема. Жалғызбасты аналар алимент сұрамауы керек, бұрынғы күйеуі мен бірге тұратын адамдарының артынан жүгірмеуі керек.  Балаларын өсіреді, оларға білім, лайықты тәрбие береді.  Әйелдер барлық жауапкершілік жүгін өз мойындарына көтермеуі тиіс», – деді Салтанат Тұрсынбекова.

Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова толық емес отбасын қолдау тақырыбын көптен бері көтеріп келеді.  Ол өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында толық емес отбасылардың мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекітуді, сондай-ақ  отбасының нақты қиын жағдайына байланысты тұрғын үйді әділ таңдау және бөлу механизмін әзірлеуді ұсынады.
 
Сонымен қатар, үміткер Yessenov университетінің оқытушыларымен, студенттерімен және түлектерімен кездесті.

«Барды бар деу керек, мәселені жоққа шығаруға болмайды.  Жастар ауылдан кетіп жатыр, қаламен салыстырғанда, ауылдық жерде көп балалы отбасылар көп, жұмыс жоқ.  Сондықтан жастар үнемі мүмкіндік іздеп, үлкен қалаларға кетіп жатады. Осы уақытқа дейін көп аймақтарды араладым және шұғыл назар аударуды қажет ететін мәселелердің барлығын көріп, естіп жүрмін.  Грантпен қоса, ауылдарда да жақсы өмір сүруге жағдай жасау керек, балаларымыз мәжбүрліктен емес, өз еріктерімен қала алуы керек», - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға