Жаңалықтар

Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді

Бұл туралы ИИДМ мәлім етті
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Фото: gov.kz 02.02.2023 10:56 1594

Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған құжат көлік саласының барлық бағытын қамтып, оның ішінде теміржол, автомобиль, су, әуе көлігі, сондай-ақ логистика саласының дамыту мәселелерін көздейді.

Осы арқылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұжырымдамада қарастырылған міндеттерді уақтылы іске асыру жөнінде шараларды қабылдайды. Бұл қолға алынған амал осы бағытта қолжетімді, қауіпсіз және инклюзивті ұтқырлықты қамтамасыз етіп, сонымен қатар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтумен бірге транзиттік хабқа айналуға септігін тигізеді деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға