Еліміздің бірқатар аймағында жол қозғалысы шектелді
29.03.2024 23:47
Фото:
Қазавтожол АҚ
"Қазавтожол" АҚ республикалық жолдардағы қозғалысты шектелгені туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
29 наурызда сағат 21:00-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан бірнеше жолда қозғалыс шектелді. Оның ішінде:
"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолының 101-266 шақырымында (Нұра ауылы - Теміртау қаласы учаскесі) барлық көлік түрлеріне;
"Қарағанды-Аягөз-Боғаз" тас жолының 17-45 шақырымында (Қарағанды қаласы - Бастау ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектеліп отыр.
Ал Ақтөбе облысында 29 наурыз күні сағат 23:30-да “Самара-Шымкент” тас жолының 526-702 шақырымында (БҚО-Маржанбұлақ ауылының учаскесі) жол қозғалысы ашылатыны мәлім болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

