Жаңалықтар

Еліміздің бірнеше қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың 50 мүшесі ұсталды

Еліміздің бірнеше қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың 50 мүшесі ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК 23.09.2024 12:51 489

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деп күдіктелуде. 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд теңгеден аса мүлік тонаған. Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдерінің бөлінуі болған, олар қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған, - делінген мәліметте.

Тінтулер барысында банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға