Жаңалықтар

Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел соғады

Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел соғады
Фото: El.kz 26.11.2024 02:27 351

Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте, сондай-ақ Түркістан қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, тіпті кей уақыттарда 30 м/с-ға дейін жетіп, одан да асады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда да түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға