Еліміздің барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 15 өңірінде, ал дәл осы сәтте Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды. Осылайша, еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 146 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.
Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетендерді санайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 % бюллетеньдер алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды