Еліміздің барлық өңірінде ауа сапасы қолайлы болады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
09.03.2023 06:10
Фото:
24.kz
9 наурызда еліміздің барлық қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

