Жаңалықтар

Еліміздің барлық кітапханаларда жаз бойы 40 мыңнан астам шара өтеді

Еліміздің барлық кітапханаларда жаз бойы 40 мыңнан астам шара өтеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.06.2024 19:10 248

Елімізде жаз айларында балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі кітапханалары 41 922 іс-шара өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ертегі терапия, интеллектуалды квест және кітап акциялары мен экскурсиялары өтеді. Алматы қаласындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада балаларға арналған тифлотүсініктермен ертегілер көрсетіледі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері брйынша турнирлер ұйымдастарылады.

Ақмола облысында асфальттағы флеш-суреттер байқауы, book land, домбыра-батл, ашық аспан астында өтетін іс-шаралар жоспарланған. Солтүстік Қазақстан облысында «Бала тілі - бал», «Ертегіні табыңыз», «Возьми книгу в дорогу» сынды түрлі тақырыптар аясында, балалардың жас ерекшеліктеріне орай іс-шаралар өтеді. Қостанай облысында «Шекарасыз балалық шақ», «Кітаптарда каникул жоқ» т.б. танымдық жиындар ұйымдастырылады. Түркістан облысында жазғы балалар байқауы, библиопикник, үйірмелер өтеді. Сондай-ақ Абай облысында жаз айларында 12 бағыт бойынша жоба жұмыс істейтін болады.

Ақтөбе облыстық кітапханалары квест ойындар, шеберлік сағаты мен «Оқитын дос іздеймін» жазғы оқу жобасын ұйымдастырады. Алматы облысының кітапханаларында кітап көрмесі, сурет салу байқауы өтеді. Атырау облысында «Кітаппен бірге өткен жаз» жобасы жоспарланған.

Өңірлер бойынша ең көп іс-шара Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында жоспарланған. Астана, Алматы және Шымкентте жас оқырмандар үшін 2000 іс-шара ұйымдастырылады. ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана 197 іс-шара өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға