Еліміздің 40% сейсмикалық қауіпті аумақта орналасқан
23.01.2024 10:12
Фото:
facebook.com/Берік Уәли
Қазақстанның 40% сейсмикалық қауіпті аумақта орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ТЖД брифингінде мәлім болды.
Алматы қаласы мен елдің оңтүстік-шығысы 9-10 балдық қауіпті аумақта орналасқан. Жыл сайын елімізде 10 мың сейсмикалық жағдай тіркеледі екен. Ал Алматыда олардың саны жылына 200-ге жуық.

