«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының реттелуіне байланысты бірнеше өңірде жол ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралығанда қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.
Павлодар және Қостанай облыстарында да республикалық маңыздағы барлық күре жолдар ашық.
Қарағанды облысының республикалық маңызы бар жолдары барлық бағытта ашық. Қозғалыс штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.
Жолшылар күре жолдарды қардан тазартып, көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеуді жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға