Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
16 қыркүйекте еліміздің 5 облысында дауылды ескерту жарияланды. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі дүйсенбіге арнаған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
16 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Облыс орталығы Жезқазған қаласында 16 қыркүйекте cолтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде, соның ішінде өңір орталығында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Шымкент қаласында да 16 қыркүйекте төтенше өрт қауіі (5 класс) сақталады.
16 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
16 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қаласында 16 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 16 қыркүйекте найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 қыркүйекте, таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болжанып отыр. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 16 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15 м/с дейін жетуі мүмкін. Жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығыда желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында желдің еккпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде, соның ішінде өңір орталығында да төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
16-17 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 16 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аудандарында, 17 қыркүйекте облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 16-17 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 17 қыркүйекте желдің екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжанып отыр. 16-17 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал араз қаласында 17 қыркүйекте күндіз найзағай түсіп, 16-17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, облыс орталығы Орал қаласында жоғары өрт қаупі сақталады,
16 қыркүйекте күндіз Павлодар облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Батысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
16 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.