Жаңалықтар

Еліміздің 13 облысында су тасқыны қаупі жоғары

Су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді
Еліміздің 13 облысында су тасқыны қаупі жоғары
Фото: gov.kz 08.02.2023 16:51 1491

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады. Батыс өңірлерде 1°С нормадан жоғары, ал елдің солтүстік-шығыс, орталығында және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде 1°С нормадан төмен. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан төмен, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар, Абай облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу аумақтарында нормаға жуық болжанады», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін қарастыра отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді.

«Жоғары қауіп: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары. Орташа қауіп: Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары», - деді Ғалидолла Азидуллин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға