Жаңалықтар

Еліміздің солтүстігінде күн суытады

Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі
Еліміздің солтүстігінде күн суытады
Фото: pixabay.com 26.09.2022 09:53 1668

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 26 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстан территориясының басым бөлігінің ауа райын солтүстік батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, оның әсерінен жаңбыр, солтүстікте қатты жаңбыр, түнде солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі.

Қазақстанның қалған аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте, солтүстік-батыста бұршақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі.

Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға