Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДІҢ ӨҢІРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ОН-ЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАРАП ОТЫР

ЕЛІМІЗДІҢ ӨҢІРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ОН-ЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАРАП ОТЫР
05.10.2018 12:50 1602

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын Қазақстанның барлық облыстарында қазақстандықтар ұлттық телеарналардың тікелей эфирінде қарап отыр.  

"Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты биылғы Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналған.

Президенттің "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы осы жылдың 10 қаңтарында айтылды, ал наурыз айында Мемлекет басшысы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған Бес әлеуметтік бастаманы ұсынды.

Биылғы Жолдау 23-ші рет жарияланып отыр. Алғаш рет Жолдауын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 16 қазанда жолдаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға