Еліміздің шаңғышылары спринт бойынша іріктеуден өте алмады

08.02.2022 17:00

Қазақстандық шаңғышылар Виталий Пухкало мен Евгений Величко Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ширек финалына өте алмады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің сайты хабарлады. 

Величко 62-ші орынға табан тіреді. Ал Пухкало 66-шы нәтижені көрсетті. 

Еске сала кетейік, іріктеу раундының қорытындысы бойынша ¼ финалға 30 мықты шаңғышы өткен болатын.

baq.kz