Жаңалықтар

Еліміздің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары саяси реформаларды талқылады

Еліміздің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары саяси реформаларды талқылады
28.05.2022 12:51 1565

27 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде ҚХА аналар кеңесінің төрайымы, ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Н.Шанаидың төрағалығымен ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары басшыларының реформаларды талқылауға арналған кеңейтілген республикалық онлайн-жиналыс өткізді.

Еліміздің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары саяси реформаларды талқылады

Шараның мақсаты – алдағы конституциялық референдумның маңызын көпшілікке түсіндіру, осы тақырыпта өзара пікір алмасу болып табылады. Жиында «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы" ЗТБ төрағасы А.Мурадов, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының төрағасы Д.Качеев, ҚХА аналар кеңесінің мүшесі, "Қара шаңырақ" ҚБ төрайымы Б.Ахатай, Дүнген этномәдени бірлестігінің төрғасы З.Махусеев және "Ассамблея жастары" РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев сөз сөйледі.

Жиналыстың басын Н.Шанаи Аналар кеңесі жайлы ақпаратпен бастады: «Ассамблеяның Аналар кеңесі 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда республикада ҚХА-ның 1795 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Оның 11000-нан астам мүшесі бар, олардың басым бөлігі – этномәдени бірлестіктердің басшылары, мәдениет, білім беру, үкіметтік емес сектордың, психологиялық-медициналық мекемелердің өкілдері, әйелдер қоғамдық ұйымдарының белсенділері».

А.Мурадов өз сөзінде «Референдум – қоғамның сұранысына жауап» дей келе, алдағы апта болатын референдумның елдің дамуы үшін, алға қарай ілгеруі үшін мол септігін тигізетіндігі туралы баяндады.

Б.Ахатай «Бірлігі жарасқан бейбіт елде саналы ұрпақ тәрбиелеу – әр ананың арманы» тақырыбында сөз сөйлеп, бүгін жасап жатырған референдум келешек ұрпаққа мұра қылып қалдырып кете алатындай дүние екенін тілге тиек етті, себебі әрбір ана өз балаларының құқығы қорғалатын, экономикалық тұрғыдан мықты елде тұруын қалайды деп өз ойын түйді. Кездесу соңында, жастар ұйымдарының ең жас көшбасшыларының бірі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Джумурбаев елдегі конституциялық реформалар аясында жастардың жаңа мүмкіндіктері туралы ой бөлісіп әрбір өңірдегі жастарды референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға