Жаңалықтар

Еліміздің әдеби шығармалары қытай тіліне аударылуы мүмкін

Еліміздің әдеби шығармалары қытай тіліне аударылуы мүмкін
16.07.2022 02:45 1342

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Бейжің тілдер және мәдениет университетінің ректоры Лю Лимен кездесті, деп хабарлайды EL.KZ елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ш.Нұрышев сұхбаттасушыны университеттің келе жатқан 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның барлық оқытушылар құрамы мен студенттеріне кәсіби қызметі мен оқуында табыс тіледі.

Сонымен бірге, Қазақстанның Елшісі қазақстандық студенттердің офлайн форматта оқуларын қайта бастау маңыздылығына назар аударды.

Өз кезегінде, Лю Ли ғылыми-білім беру саласы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың неғұрлым серпінді бағыттарының бірі екенін атап өтіп, университеттің оны одан әрі кеңейтуге дайын екендігін білдірді.

Атап айтқанда, кездесу барасында екі елдің әдеби шығармаларының өзара аудармаларын жүзеге асыру саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру, жоғары оқу орнының аумағында белгілі қазақ қайраткерлерінің бірінің мүсінін орнату, сондай-ақ университеттегі қазақстандық студенттердің санын көбейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан басқа, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен Бейжің тілдер және мәдениет университеті арасында тікелей байланыстар орнату, оның ішінде студенттер және профессорлық-оқытушылық құраммен алмасуды одан әрі кеңейту мәселесі бойынша терең пікір алмасылды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға