Жаңалықтар

Елімізден бірқатар халықаралық бағытқа ұшатын әуе рейстерінің саны артты

Елімізден бірқатар халықаралық бағытқа ұшатын әуе рейстерінің саны артты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 31.10.2024 12:38 309

Көлік министрлігі  жаңа халықаралық маршруттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, күзгі-қысқы кезеңнің басынан бастап Air Astana әуекомпаниясы Таиландқа, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Сауд Арабиясы Корольдігіне жаңа халықаралық бағыттарды іске қосады, сондай-ақ қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын көбейтеді.

Осылайша, әуекомпания ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Астана – Пхукет (Таиланд) бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты;

Атырау – Дубай (БАӘ) бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасын ашты;

28 қазаннан бастап Алматы – Фукуок (Вьетнам) аптасына 2 рейс жиілігімен және желтоқсаннан бастап аптасына 5 рейске дейін ұлғайтумен іске қосылды;

29 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Медина (Сауд Арабиясы) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосты;

30 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Астана – Әбу-Даби (БАӘ) әуе қатынасын іске қосты;

12 желтоқсаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Әбу-Даби (БАӘ) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосады;

Air Astana әуекомпаниясы Дубайға Алматы қаласынан (аптасына 7 – ден 11-ге дейін) және Астана қаласынан (7-ден 9-ға дейін), Астана-Сеул бағыты бойынша (2-ден 3-ке дейін) рейстер санын көбейтуде.

Жаңа авиамаршруттардың ашылуы, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санының артуы жолаушыларға қысқы кезеңде, сондай-ақ жаңа жылдық каникул кезінде демалысты жоспарлау үшін көбірек мүмкіндіктер береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға