Еліміздегі жылу желілерінің жартысынан астамы тозған
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
29.11.2022 13:36
1698
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде технологиялық ақау болған өңірлерді атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, жылыту маусымы басталғалы бері республика бойынша он өңірде 26 технологиялық ақау болған. Олар:
Соңғы жеті жылдың ішінде әр түрлі қаржыландыру көздерінен жылу жүйелерінің құрылысына, реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына 344 млрд теңге бөлінген. Соның нәтижесінде 3 667 шақырым инженерлік желі салынып, қайта жаңартылды. Осылайша олардың жалпы тозу деңгейі 65 проценттен 53-ке дейін төмендеді. 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 51 процентке түседі деген жоспар бар.
Ал тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы бойынша 2026 жылға қарай жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу көрсеткішін 45 процентке дейін азайту көзделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда аяқ киімнің бағасы 16,6%-ға қымбаттады