Жаңалықтар

Еліміздегі жоғары оқу орнында Түрік тілі орталығы ашылды

Еліміздегі жоғары оқу орнында Түрік тілі орталығы ашылды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 02.09.2023 20:10 889

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің базасында түрік тілі орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, орталық TİKA ұйымының қолдауымен заманауи үлгіде жабдықталған. Сонымен қатар, аталған орталық оқу ордамызда ашылатын Гази университетінің филиалында білім алатын жастарға үлкен мүмкіндік береді деп күтілуде.

Салтанатты ашылу рәсіміне түркі әлемінің нағыз жанашырлары – Түркия Республикасы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстан координаторы Хусейн Хикмет Өзденоулу, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті Консулдығының Консулы Латипша Асанов сынды құрметті қонақтар мен университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева бастаған ұжым мүшелері қатысты, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға