Жаңалықтар

Еліміздегі ұлттық парктерде жеті визит-орталық ашылды

Еліміздегі ұлттық парктерде жеті визит-орталық ашылды
01.08.2023 14:29 1066

Соңғы екі жылда жеке инвесторлардың қаражатын тарту есебінен Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи орындарында 7 визит-орталық салынып, қолданысқа берілді. Бұлар: Аюсай, Түргенсай, Сартас, Шарын, Горельник, Медеу және Altynemel визит-орталықтары, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ертісай визит-орталығы – осындай алғашқы нысан. Халық арасында ұлттық саябақтарда келушілерге арналған орталықтар салудың экологиялық тиімділігіне алаңдаушылық білдіретіндер бар. Бірақ мұндай нысандар ағаш конструкциялардан жиналған модульдерден тұратын шағын құрылыс саналады. Негізі бетон қолданылмай, металл байламасы бар геобұрандалардан жасалады, - деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

ҚР МСМ мәліметінше, жақын арада Түрген және Бутаковка шатқалдарында да визит-орталық пайда болады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 тетігі бар. Атап айтқанда: әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау, балалар үшін Қазақстан бойынша авиабилеттердің құнын субсидиялау, кәсіпкерлерге тау-шаңғы курорттарының жабдықтарын, көлік құралдарын сатып алу (25%), жол бойындағы сервис нысандарын салу, туристік нысандарды салу және реконструкциялау (10%) шығындардың бір бөлігін өтеу, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған субсидиялар жатады (айына 83 300 теңге).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға