Жаңалықтар

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды
Фото: El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 18.07.2024 13:41 756

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 861,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді.

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 585,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 275,8 миллиард теңге қарастырылған, - делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге.

Ведомство зейнетақы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға