Жаңалықтар

Еліміздегі мектеп оқушыларының 80%-ның көзі нашар көреді

Еліміздегі мектеп оқушыларының 80%-ның көзі нашар көреді
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.10.2024 11:12 493

Қазір мектептегі балалардың 70-80 пайызының көру қабілеті нашар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық офтальмологтардың айтуынша, қазір ата-аналар балаларын алдыңғы парталарға отырғызуға тырысады. Өйткені перзенттерінің көзі нашар көреді. Мамандар бұл гаджедтердің әсерінен болуы мүмкін екенін алға тартады. Себебі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар электронды құрылғыларға әуес.

Осының салдарынан көбінде миопия және амблиопия сырқаттары пайда болады. Бұл – көз кемістігі, затты көзге тақап ұстаудан пайда болады. Айта кету керек, баланың көру қабілеті туғаннан бастап 6-7 жасқа дейін дамиды. Сондықтан осы уақытта баланың денсаулығына мұқият мән берген жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға