Жаңалықтар

Еліміздегі кибершабуылдар саны екі есе артты

Еліміздегі кибершабуылдар саны екі есе артты
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 23.02.2024 18:47 746

Әлем бойынша хакерлердің шабуылынан 76% мекеме зардап шегіп отыр. Бұл туралы finprom.kz. порталына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Statista мәліметіне сенсек, хакерлердің шабуылы салдарынан 2023 жылы әлем ұйымдарының 75,7% кибершабуылға тап болды және олардың үлесі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2018 жылы – 55,1%, 2019 жылы – 56,1%, 2020 жылы – 62,4%, 2021 жылы – 68,5%, ал 2022 жылы 71% мекеме статистиканы толықтырды.

Көп жағдайда шабуылдар мемлекеттік, өндірістік және кәсіби секторларға жасалады.

Қарапайым азаматтарға қатысты айтатын болсақ, AAG мәліметіне сәйкес, жыл сайын шамамен 1 млрд электронды хат бұғатталады екен. Бұл – әр бесінші ғаламтор қолданушысы хакерлік шабуылдың құрбаны деген сөз. 

2001-2022 жылдар аралығында құрбандар саны сағат сайын 6-дан 97-ге дейін көбейді. 2022 жылы Facebook 400-ге жуық iOS және Android үшін зиянды қосымшаларды анықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға