Еліміздегі екі музейге «Ұлттық» мәртебесі берілді

Фото: gmirk.kz/ru
Фото: gmirk.kz/ru
30.01.2025 17:44
437
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі музейге ұлттық мәртебесін беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Жарлыққа қол қойды, - делінген хабарламада.

Алдыңғы жаңалық
Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасын шығарып салды
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы