Жаңалықтар

Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы биыл аяқталады

Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы биыл аяқталады
Фото: t.me/kolikpress 11.06.2024 19:09 456

Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі мен ең үлкен көпірдің құрылысын жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін автомобиль туннелінде бетон және асфальтбетон жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ бейнебақылау жүйесін монтаждау және газ құбырларын өткізу, желдеткіштер мен өртке қарсы жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Шақпақ баба асуы арқылы өтетін еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, Бұқтырма су қоймасы арқылы Қазақстандағы ең үлкен көпірдің құрылысын аяқтау көзделген. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды, – деді Марат Қарабаев.

Осылайша, қазіргі уақытта Бұқтырма су қоймасы арқылы Қазақстандағы ең үлкен көпірдің тіректерін салу бойынша жұмыстардың жалпы көлемі 81 пайызға орындалды. Атап айтқанда, 21 тіректің 17-сі салынып, қалған төрт тірек бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды. Бұл аталған құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз ететін аумақ. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта жалғасатын құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған барлық қажетті материал дайын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға