Жаңалықтар

Еліміздегі 34 республикалық тасжол учаскесі жабық

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті
Еліміздегі 34 республикалық тасжол учаскесі жабық
Фото: baq.kz 04.01.2023 21:14 931

Еліміздің 7 өңірінде 34 республикалық маңыздағы тасжол учаскесі жабық, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола өңірінде Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау тасжолының Қабанбай батыр ауылы мен Қарағанда өңірі шекарасы аралығы жабық тұр.

Жетісу өңірінде Үшарал-Достық күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығы жабық. Сонымен қатар, Алматы-Өскемен тасжолының Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан өңірі аралығы жабылды.

Шығыс Қазақстан өңірінде 15 жол учаскесі жабылды. Олардың қатарында Омбы-Майкапшағай, Семей-Қайнар, Алматы-Өскемен, Таскескен-Бахты тасжолдары бар.

Жамбыл өңірінде Алматы-Ташкент-Термез тасжолының Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралығы жабылды.

Қарағанды өңірінде тоғыз күре жолдың учаскелері әлі де жабық тұр. Шектеу Қарағанды мен Балқаш арасында, Ақмало өңірінің шекарасынан Теміртау қаласынк дейінгі аралықта, Қарағанды мен Павлодар арасында,Бастау ауылы мен Теміртау арасында енгізілді.

Қостанай өңірінде Ұлытау өңірінің шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралық жабық тұр.

Павлодар өңірінде Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралық, Қалқаман ауылынан Қарағанды өңірінің шекарасына дейінгі аралық, Кенжекөл ауылынан Абай өңірінің шекарасына дейінгі аралық, Ақсу қаласынан Абай өңірі шекарасына дейінгі аралығы жабық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға