Жаңалықтар

Еліміздегі 11 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді

Еліміздегі 11 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді
Фото: baq.kz 28.02.2023 10:46 866

28 ақпан, сағат 10:45 ақпаратқа сәйкес 4 өңірде ауа-райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы:

"Ақтөбе-РФ шекарасы" тасжолының Ш.Қалдаяқова ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығында (автокөліктің барлық түрлері үшін);
"Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" тасжолының ЭкоОйл - РФ шекарасы арасы (барлық көлік түрлері үшін);
"Самара-Шымкент" тасжолының Батыс Қазақстан облысы шекарасы-Құршасай кенті арасы (барлық көлік түрлері үшін);

Қостанай облысы:

"Қостанай-Әулиекөл-Сурған" тасжолының Әулиекөл ауылы - Октябрьское ауылы арасы (автокөліктің барлық түрлері үшін);
"Қостанай-Әулиекөл-Сурған" тасжолы Октябрьское ауылы - Ақмола облысы шекарасы арасы (барлық автокөлік түрлері үшін);
"Екатеринбург-Алматы" тасжолы Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы арасы (автокөліктің барлық түрлері үшін);

Солтүстік Қазақстан облысы (барлық көлік түрі үшін):

"Екатеринбург-Алматы" тасжолы Қостанай облысы шекарасы - Тоқсан Би ауылы арасы;
"Жезқазған-Петропавл" тасжолы Ақмола облысы шекарасы-Новоишимское ауылы арасы;
"Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" тасжолы Сергеевка ауылы-Тимирязево
ауылы арасы;
”Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысы шекарасы" Тимирязево ауылы-Қостанай облысы шекарасы арасы;

Батыс Қазақстан облысы (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін):

"Самара-Шымкент" тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысы шекарасы арасы;

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға