Жаңалықтар

Елімізде зергерлік бұйымдар мен сағаттар 35% қымбаттаған

Алтын неке сақиналары жылына 38,9% қымбаттаған
Елімізде зергерлік бұйымдар мен сағаттар 35% қымбаттаған
Фото: 24.kz 26.07.2022 20:51 2675

Биыл маусымда Қазақстанда зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы 1,8%, ал бір жылда 35,3% қымбаттады, деп хабарлайды El.kz

Оның ішінде алтын неке сақиналары жылына 38,9%, қол сағаттары 15,2% қымбаттады. Өңірлік бөліністе зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өскен - бір жылда 61%.

Қымбат бағалар «үштігінде» Алматы облысы (жылына 60,6%) және Нұр-Сұлтан (жылына 52,5%) қаласы бар. Биылғы қаңтар – мамыр айларында зергерлік бұйымдар өндірісі 478,4 млн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 451,3 млн теңге болған еді. Өңірлік бөліністе өндірістің ең үлкен көлемі Алматыда (43,3% немесе 207,3 млн теңге) шоғырланған. Алғашқы үштік қатарында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы бар.

Жалпы 2021 жылы сектордағы өндіріс 1,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылға қарағанда екі есе көп.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға