Жаңалықтар

Елімізде спорт төрешілерінің жалақысы артты

Жаңа қаулы бойынша халықаралық дәрежедегі төрешілердің базалық лауазымдық айлықақысы 2654,6 теңгеден 17697 теңгеге өседі.
Елімізде спорт төрешілерінің жалақысы артты
14.07.2022 07:48 2721

Елімізде спорт төрешілеріне төленетін еңбекақы мөлшері ұлғайды. Мәдениет және спорт министрлігінің жобасы үкмет отырысында қолдау тауып, төрешілер еңбегі лайықты бағаланатын болды, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Жоба аясында 2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен базалық лауазымдық айлықақы 10 нан 100 пайызға дейін өсетін болады. 

Бұл өз кезегінде спорт төрешілерін ынтадандырып қана қоймай, ел спортына жаңа серпін береді. Негізгі мақсат «Төреші» мамандығының беделін көтеріп, онымен бірге еліміздегі барлық деңгейдегі спорттық жарыстардың сапасын арттыру. Осылайша біз аталған мамандыққа деген сұранысты жоғарылатып, әділ төрелік ететін төрешілер қатарын көбейтеміз деген сенімдемін - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен абаев.

1994 жылдан бастап өзгеріссіз келген өзекті мәселенің шешімін тапқанына төрешілер де риза екендерін жетізді.

Бұл өте қуантарлық жағдай. Ел чемпионттарында түнге дейін жарыста жүретін кезіміз болады. Бес-алты күндік жарыста жүріп күніне екі мың теңге не жол ақысына не тамағымызға жетпейді. Жарысқа төленетін ақының мардымсыз екенін естігенде төрешілердің жарысқа барғысы да келмейтіні жасырын емес. Оның үстіне мандаттық коммисия, хаттамалар бар, әр құжатты тексеріп оны бағалау бар, жұмыс оңай емес. Енді міне жақсы жаңалықты естіп қуанып жатырмыз. Еңбегімізді бағалап жатқандарыңызға алғысымызды білдіреміз- деді ҚР төрешілер алқасының төрағасы, Халықаралық дәрежедегі IBA төрешісі Қайрат Жаманқұлов.

Жаңа қаулы бойынша халықаралық дәрежедегі төрешілердің базалық лауазымдық айлықақысы 2654,6 теңгеден 17697 теңгеге, жоғары дәрежедегі спорт бойынша ұлттық төрешілер ақысы 2123,6 теңгеден 15927 теңгеге, спорт бойынша ұлттық төреші 1769,7 теңгеден 14158 теңгеге, 1 дәрежедегі спорт бойынша төреші 1415,8 теңгеден 12388 теңгеге, спорт бойынша төрешілер ақысы 1238,8 теңгеден 10618 теңгеге болып өзгереді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға