Жаңалықтар

Елімізде пияз бағасы екі есе арзандады – министр

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы мәлімдеді
Елімізде пияз бағасы екі есе арзандады – министр
Фото: pixabay.com 26.07.2022 11:50 2112

Еліміздегі көкөніс бағасы тұрақты және жеткілікті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақбайұлы орталық коммуникация қызметінің баспасөз орталығындай айтты, – деп хабарлайды El.kz.

– Елімізде пияз қоры жеткілікті. Мәселен, ай сайынғы пиязды тұтыну қоры 25 пайызды құраса, қазіргі таңда пияздың қорын 35 пайызға толтырдық. Шілде айының соңына дейін және тамыз айының басында 50 мың тоннаға дейін пияз жинау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 3 айдың ішінде 90 мың пияз жиналады. Ал, бұл біздің еліміз үшін жеткілікті екенін айтқым келеді. Қазіргі таңда пияздың бағасы 220 теңгеден 110теңгеге дейін арзандайды, – деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы.

Министр картоп қоры да жеткілікті екенін атап өтті.

– Айдың басынан бері картоп бағасы 5 пайызға төмендеді. Еліміздің барлық аймағында картоп жеткілікті. Қырыққабат пен сәбіз бағасы да тұрақты және жеткілікті, –деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға