Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны қайта көбейді
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 3 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті таратты, деп хабарлайды El.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2792 жағдай тіркелді. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 131 адамға көбейген. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 360 068 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында — 847,
Алматы қаласында — 435,
Шымкент қаласында — 41,
Ақмола облысында — 123,
Ақтөбе облысында — 70,
Алматы облысында — 57,
Жетісу облысында — 122,
Атырау облысында — 63,
Шығыс Қазақстан облысында — 36,
Абай облысында — 43,
Жамбыл облысында — 59,
Батыс Қазақстан облысында — 134,
Қарағанды облысында — 361,
Ұлытау облысында — 62,
Қостанай облысында — 87,
Қызылорда облысында — 42,
Маңғыстау облысында — 41,
Павлодар облысында — 99,
Солтүстік Қазақстан облысында — 53,
Түркістан облысында — 17.
Сондай-ақ Қазақстанда 2067 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 318 177 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2022 жылғы 3 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін 9 558 464 адам, 2 — ші компонентін 9 337 988 адам салдырды.