Жаңалықтар

Елімізде білім грантына байланысты қандай квоталар қарастырылған

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді
Елімізде білім грантына байланысты қандай квоталар қарастырылған
Фото: egemen.kz 25.07.2022 19:00 1383

Халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін білім гранттарының саны көбейтілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, – деп хабарлайды Еl.kz.

– Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5 пайызы қарастырылған.

Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға - 1 пайызы, сондай-ақ І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1 пайызы көзделген, – делінген министрлік мәліметінде.

Сонымен қатар ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға және Қазақстан азаматтары болып саналмайтын ұлты қазақ адамдарға квота қарастырылған.

– Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен I, II топтағы мүгедектігі барлар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота гранттар санының 1 пайызын құрайды, – деп аталып өткен ведомство хабарламасында.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға