Елімізде баспана нарығында сауда-саттық азайды
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz
27.07.2022 17:18
1565
Баспана нарығында мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің саны азайды. Бұл туралы Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтып отыр,– деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
– Соңғы бірнеше айда, яғни 2022 жылдың сәуірінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жеткіліктілік шегінің көлемі артқаннан бері нарықтағы шарттардың жалпы саны айтарлықтай төмендеді, – деді Н. Лукьяненко ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.
Оның айтуынша, тұрғын үй нарығындағы жылжымайтын мүліктің барлық сегментінде сұраныстың азайғаны байқалып отыр.
–Бір айдағы келісімшарттардың жалпы саны 30-31мыңға дейін қысқарды. Дегенмен, бұл көрсеткішті де жақсы деп бағалауға болады, – деді сарапшы.
Еске салайық, биылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегі өсті. Жеткілікті шек адамның жас ерекшелігі бойынша әртүрлі бекітілген.
2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалануға 1 317 739 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шотына БЖЗҚ 3,1 трлн теңге аударды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Раиса Қадыр: «Жазда оқитын кітап көп»