Жаңалықтар

Елімізде 212 каналды цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Бұл туралы Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов айтты
Елімізде 212 каналды цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: egemen.kz 13.07.2022 14:28 1373

Қазіргі уақытта су шаруашылығының проблемалық мәселелері «Жасыл Қазақстан», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Агроөнеркәсіптік кешенді 2025 жылға дейін дамыту бойынша» ұлттық жобалар шеңберінде шешілуде. Бұл туралы Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов  айтты, деп хабарлайды El.kz

«Ауыл шаруашылығында 7 мың километрден астам суару желілерін реконструкциялау, 212 каналдағы суды есепке алуды цифрландыру және 16 гидротехникалық құрылысты реконструкциялау арқылы 2025-ші жылға қарай суару кезіндегі нормативтік емес су шығындары 4 текше километрге қысқартылатын болады», - дейді Досбол Бекмағамбетов.

Оның айтуынша, өткен жылы 23 канал цифрландырылса, биыл 89 канал цифрландырылады.

«Бүгінгі күні суару жүйесінде ұзындығы 21,5 мың км шамамен 3,5 мың магистральдық және шаруашылықаралық каналдар бар (16,3 мың км – жер арналары және бетон қаптамасымен 5,2 мың км), олардың 55% - ы (11,8 мың км) қанағаттанарлықсыз жағдайда. Бұл соңғы тұтынушыларға суды тасымалдау кезінде жоғары шығындардың негізгі себебі болып табылады», - дейді Су ресурстар комитетінің өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға