Жаңалықтар

Елімізде «Сұңқар» табиғатты қорғау акциясы басталды

Жыл сайынғы табиғатты қорғау акциясы 15 қазанға дейін жалғасады
Елімізде «Сұңқар» табиғатты қорғау  акциясы басталды
Фото: sn.kz 03.08.2022 17:42 1213

Бұл акцияның негізгі мақсаты ителгі құсының  ұя салатын жерлеріне қоныс аударуы кезіндегі орын алатын браконьерлік фактілердің алдын алу, деп хабарлайды El.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараларды «Охотзоопром» ӨБ» МКҚК инспекторлары, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде.

Аталмыш шара аясында «Охотзоопром» ӨБ МКҚК-ның 150 инспекторын, 60-қа жуық техниканы (40 жол талғамайтын көлік, 17 бірлік «КУНГ») жұмылдыру жоспарлануда. Сондай-ақ, ителгі шоғырланған жерлерде, көліктерді тексеру мақсатында бақылау пунктері орнатылады.  

Жыл сайынғы табиғатты қорғау акциясы 15 қазанға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, жыртқыш құс Қазақстаннық Қызыл кітабына енгізілген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға