Жаңалықтар

Елімізде жыл сайын 30-дан астам адам улы газдан қаза табады

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты
Елімізде  жыл сайын 30-дан астам адам улы газдан қаза табады
Фото: pixabay.com 14.11.2022 12:42 1236
Жыл соңында «Улы газдан сақтан және қауіпсіз жаңа жыл» атты республика бойынша рейд жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.
 
«Елімізде жылыту маусымы басталысымен өңірлерде жеке үйлерде өрт шығу деректері тіркелді. Жыл сайын 30-дан астам адам улы газдың иісінен қаза табады. Олардың арасында ішімдік тұтынғандары да кездеседі. Сонымен қатар, газ балон жарылысынан қаза табатындардың да саны артты. Ол көбінесе газ балонын көп қабатты үйлерде қолданған жағдайларда тіркеледі. Мысалы, өткен жылы Петропавл қаласындағы газ балон жарылысынан бір адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды», - деді вице-министр Марат Күлдіков.
 
Бұндай жағдайлардың орын алуы көбінесе жарамсыз, кәдеген жарамайтын балондарды қолданудан орын алады. Газ балонын толтыру орталықтары жанармай бекеттерінде емес, автокөлік станцияларында орналасқан. Заң бойынша газ балондарын толтыру автокөліктердің жанармай құю бекеттерінде рұқсат етілмейтінін атап өтті. 
 
«Жыл сайын елімізде 600 мың рейд жүргізіледі. Оның 100 мыңға жуығында қауіпсіздік ережелеріне сай емес факті тіркелді. Соңғы 3 жылда жеке тұрғын үйлерге 153 мың датчик орнатылды. Автономды датчиктің арқасында 170 тұрғынның өмірін аман сақтап қалдық», - деді вице-министр.    
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға